Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті

2020 жылдың 26 наурыз 2020 08:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.


Жоғары қарай