Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша адам егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 8,3 млн адам коронавирус инфекциясына қарсы толық егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус індетіне қарсы препараттардың 1-ші компонентін 8 892 680 адам, 2-ші компонентін 8 351 485 адам салдырды.
Вакцинаның толық курсын алған тұрғындар бойынша алдыңғы орында Түркістан облысы тұр – 1 012 834.
Одан кейін Алматы қаласы – 997 877 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 898 523, Алматы облысы – 813 565, Шымкент қаласы – 559 343 тұр.