Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірлене ме – министр жауабы

2020 жылдың 14 ақпан 2020 12:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Үкіметі үшін негізгі мақсат – инфекцияның кірмеуі және таралмауы болып отыр. Сондықтан, негізгі қаражат халық пен медициналық қызметкерлерді, шекарашыларды қорғауға бағытталған. Одан бөлек, коронавирус күдігі бар паиценттердің барлығын жеткілікті түрде тексеріп, дәрілік заттар қорын жасау үшін диагностикалық технологияларға мән берілген», - деді Е. Біртанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігі мен оған бағынышты ғылыми орталықтар осындай вакцинаны әзірлеуге дайын екендіктерін хабарлаған.

«Біздің елімізде вакцина жасау бойынша жақсы тәжірибе бар. Бұл жағдайда сәйкес ғылыми орталықтарда белгілі бір жұмыстар бар. Алайда, мұның қиын технологиялық процесс екенін түсіну қажет және барлық халықаралық ғылыми орталықтармен үйлестірі жүмыстарын жүргізу керек. Қазір вакцина жасау бойынша өзге елдердің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деді ол.

Әрине, мұндай вакцина шығарылса, ол өте сапалы және қауіпсіз болуы керек.

«Екіншіден, халыққа қолжетімді болуы керек. Қазір бір нәрсені нақты айтуға ерте. Бәлкім, Қазақстан мен өзге де мемлекеттер жасаған санитарлық шаралар инфекцияның азаюына ықпал еткен шығар. Бұл індетті жақын арада еңсереміз деп үміттенемін және вакцинаны әзірлеу жұмыстарын қатар жүргізе береміз», - деді Елжан Біртанов.


Жоғары қарай