Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирустан 59 медицина қызметкері көз жұмды

2020 жылдың 21 шілде 2020 16:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан жұқтырған және осы індеттен көз жұмған дәрігерлердің туған-туыстарына өтемақы беру мәселесіне қатысы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тізімді біз аймақтардан алып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Осы күнге дейін жұмыс орындарында медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтыруының 123 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 59 медицина қызметкері көз жұмды», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша өтемақы беру мәселесін жауапты ұйым жүргізеді.

«Біздің міндет – тізімді жинап, тапсыру. Тізімнен бөлек сол дәрігердің нақты қайда – үйінде әлде жұмыста жұқтырғаны қаралатын эпидемиологиялық карта бар. Яғни нақты эпиданализ бар», - деді ол.


Жоғары қарай