Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан науқастардың 170-нің жағдайы нашар – ҚР ДСМ

2020 жылдың 6 тамыз 2020 11:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 912 адам ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 170 науқастың жағдайы нашар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасында таратқан мәліметіне сәйкес, е мделіп жатқандар арасында 139 сәби бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы өте ауыр деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. ⠀

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарланады», -делінген министрлік таратқан хабарламада.


Басты сөздер: Коронавирус, Медицина,
Жоғары қарай