Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережесі өзгерді

2020 жылдың 30 маусым 2020 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу ережесі өзгертілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады», - деді Алексей Цой.

Айта кетсек, кейінгі деректерге қарағанда Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді.



Жоғары қарай