Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ

2020 жылдың 21 шілде 2020 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік ғалымдар коронавируспен ауырып, жазылып шыққан адамның бойында иммунитет қаншалықты ұзаққа шыдайтынын білмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

«Адамдар коронавирустың ауыр түрімен ауырып, қайтадан анализ тапсырған кезде тесттің теріс нәтиже көрсеткені, содан біршама уақыттан кейін қайтадан тест оң нәтиже көрсеткен жағдайы тіркелген. Алайда мұндай жағдайда біздің мамандар бастапқы вирустың ағзадан толық кетпеуі деп түсіндірді. Анализ клиникалық белгісі болмаған сипатта оң нәтиже көрсетеді. Сол себепті бұл – қайтадан жұқтыру жағдайы ретінде есептелмейді. Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр бүкіл әлемнің ғалымдары ауырып болған адамның бойындағы иммунитеттің қаншалықты шыдайтынын зерттеп жатыр.

«Уақытша, яғни 6 апталық иммунитеттің қалыптасатыны жайлы мәлімет бар. Алайда бұл ретте де нақты жауап жоқ. Себебі бұл аурудың өту ағымына байланысты. Адам қандай жағдайда ауруға қарсы тұратындығы туралы ғалымдарда нақты бір ортақ тұжырым жоқ», - деді Ажар Ғиният.


Жоғары қарай