Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда кредит алғандардың құқығы қалай қорғалады

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 13:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыздар мен микрокредитті өтеуде қиындыққа тап болған қарыз алушылардың құқығын қорғау шаралары жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қазаннан бастап қиындыққа тап болған қарыз алушылардың құқығын қорғау үшін банктер мен МҚҰ үшін азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің міндетті тетігі заңнамалық түрде енгізілген.

Агенттікте мәлім еткендей, проблемалық берешекті реттеу рәсімін бастау үшін қарыз алушы кредиторға, яғни, банкке немесе МҚҰ-ға тиісті өтінішпен жүгінуге тиіс.

Өтініште растайтын құжаттар қоса беріле отырып, ТАӘ, ЖСН, байланыс деректері, қарыз туралы мәліметтер, мерзімін өткізіп алудың туындау себептері көрсетілуге тиіс.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қарыз алушылар өтініштерді жазбаша да, қашықтан да, яғни, ресми интернет-ресурстар және кредитордың электрондық поштасы арқылы банктер мен МҚҰ-ның бөлімшелеріне бармай-ақ бере алады.

Өтініш пен растайтын құжаттарды алған күннен бастап, күнтізбелік 15 күн ішінде банктер мен МҚҰ борышкердің қаржылық және әлеуметтік жағдайын жеке тәртіппен талдайды.

Көрсетілген мерзімде қарыз алушыға банктің немесе МҚҰ-ның қарызды қайта құрылымдау талаптарымен келісетіні туралы хабарлануға тиіс.

Кредитор қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша келіскен кезде банктер мен МҚҰ келесі күнтізбелік 15 күн ішінде қарызды немесе микрокредитті өтеудің жаңа кестесін қабылдай отырып, қарыз немесе микрокредит шартының талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге міндетті.

Банктік қарыз немесе микрокредит шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, қарыз алушы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуі керек.

Қарыз алушының өтініші негізінде Агенттік қаржы ұйымына қатысты құжаттамалық тексеруге бастама жасайды, оның шеңберінде кредитордың проблемалық берешекті және қарыз алушылардың құқықтарын реттеу процесіне қойылатын заңнамалық талаптарды сақтауына талдау жүргізетін болады.

Агенттікке мынадай тәсілдермен жүгінуге болады:

Электронды үкімет порталы арқылы. «Электрондық өтініштер» сервисінде «Онлайн қызметке тапсырыс беруді» таңдау қажет және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш мәтінін толтырады.

eOtinish электрондық сервисінің көмегі арқылы. Өтініш беру eGov қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, «Өтініш беру» сервисінде «Өтініш»-ті таңдап, өтініш мәтінін толтырады.

Банктер мен МҚҰ мекенжайы мен телефонын осы сілтемеден табуға болады.


Жоғары қарай