Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қазақстанда лифтілерді жаңартуға 10 млрд теңге бөлінді – Бейбіт Атамқұлов

2020 жылдың 2 маусым 2020 19:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде лифт шаруашылығын жөндеу мен ауыстыру үшін республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Лифт мамандары қауымдастығымен бірлесіп, үлкен жұмыс атқардық. Жыл соңында желтоқсан айында азаматтық қорғау туралы заңға кейбір өзгерістерді енгізе алдық. Лифт бойынша стандарт қабылданды, оларды тексерудің нормалары анықталды, әкімдіктер жанындағы инспектор, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы өндірістік қауіпсіздікті қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор лауазымы енгізілді. Лифтілердің жағдайын қатаң бақылауға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, мұнда отандық өндірушілерді қолдауға айрықша мән беріледі. Қазіргі уақытта елімізде алты лифт өндіруші жұмыс істейді.

«ТКШ ҚазОрталығымен» бірлесіп, Қарағанды қаласындағы лифтерді жаңғырту жұмысын бастадық. Пилоттық жоба аясында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысында 200-ге жуық лифт жөнделеді. Сонымен бірге, лифт құнын түсіру мәселесін де талқылап жатырмыз. Лифт мамандары қауымдастығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс істеуге сертификатталған заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіттік», - деді Б. Атамқұлов.


Жоғары қарай