Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда мал сатып алуға несие берудің кепілдік тәртібі өзгерді

2020 жылдың 31 шілде 2020 09:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі мал сатып алуға несие берудің кепілдік саясатын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың 17 шілдедегі бұйрығымен бекітілген Мал шаруашылығын дамыту ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, негізгі өзгерістер қой шаруашылығының субсидиясына енгізілді: асыл тұқымды төлдейтін қойлармен селекциялық және асылдандыру жұмыстарының нормалары 2500-ден 4000 теңгеге дейін, тауарлық қойларға - 1500-ден 2500 теңгеге дейін көтерілді.

Сондай-ақ, асыл тұқымды отандық (8 мыңнан 15 мыңға дейін) және импортталған қойларды (бір басына 150 мың теңгеге дейін) сатып алу нормалары жоғарылады.

Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында министрлік мал сатып алуға несие берудің кепілдік саясатын өзгертті, сонымен қатар фермерлік шаруашылық пен бордақылау алаңдарына несие алуға өтініштерді қарау мерзімдері оңтайландырылды.

Енді малды 1:1 өтімділік коэффициентімен сатып алуға болады. Сонымен бірге, фермерлер субсидия алғаннан кейін, тұрақты кепілдік - 15 болады. Қалған 85% сатып алынған малмен қамтамасыз етіледі.

Қазақстандық мал өсірушілерге қосымша қолдау көрсету үшін карантин кезіндегі диагностикалық зерттеулердің бағасы сиырға 23,5 мыңнан 4271 теңгеге дейін, ал Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген бұқа үшін 28,5 мыңнан 8741 теңгеге дейін төмендетілді.

Әкімдіктер мен ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштеріне байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі карантин кезінде импортталған малға диагностикалық сынақтар жүргізу шығындардын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Еуропалық Одақта жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты болғандықтан, Шмалленберг ауруы бойынша карантин кезінде ЕО-дан импортталған жануарлардың бір ПТР тестілеуіне дейін азайту туралы шешім қабылданды.

Зерттеу жұмыстарының құнын төмендету импортталған мал басын әкелу кезінде ауылшаруашылық тауарын өндірушілер жүктемесін едәуір азайтады.

Карантин кезіндегі импортталатын жануарларды диагностикалық зерттеу құны Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында бірдей екенін атап өткен жөн.

Канададан әкелінген ірі қара малды тексеру құны (ветеринарлық сертификаттарда көрсетілген аурулардың тізіміне сәйкес), егер табиғи қашыру қолданылмаса, 1 сиырға 1978 теңге, ал табиғи қашыру қолданылса, 3267 теңге болады. Бұқаны зерттеу құны - 6448 теңге және сәйкесінше 7737 теңге.

АҚШ-тан әкелінген мал үшін: сиырға - 2697 теңге, бұқаға - 7167 теңге.

Австралиядан әкелінген ІҚМ: сиырға - 1408 теңге, бұқаға - 2984 теңге.

Латын Америкасынан әкелінген ІҚМ: сиырға - 4120 теңге, бұқаға - 8590 теңге.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден (Ресей Федерациясы және Беларусь) әкелінген ірі қара малға: сиырға - 3183 теңге (вирустық диарея мен жұқпалы ринотрахеитке қарсы егілмеген) және 1978 теңге (егілген), бұқа үшін - 7653 теңге (егілмеген) және 6448 теңге (егілген).

2020 жылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанға 95 мың бас ет және сүт бағытындағы ірі қара мал әкелу жоспарланып отыр.
Жоғары қарай