Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда маска шығаратын зауыттар бақылауға алынады - Елжан Біртанов

2020 жылдың 17 наурыз 2020 20:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда маска шығаратын барлық медициналық зауыттар мемлекет тарапынан бақылауға алынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Еуразия Бірінші» арнасының «Basty Prime» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маскаға қатысты айтар болсам, бізде инфекция болмаған кезде оны тағып жүру қажеттілігі жоқ еді. Маскаларды сатып алып қою қажеттігін көп айттық. Өкінішке орай, маскаларды жаппай сатып алып, сатылымға шығарғанын көріп отырмыз. Қазір қоймаларда жатқан маскаларды тауып жатырмыз. Шетелге шығарылмақ болған, бірақ біз тыйым салғаннан кейін бірулер тастап кеткен маскалар да табылды. Бүгінде маскамен проблема бар екендігін мойындаймыз. Қазір жұмысқа, ұжымның ортасына баратын кезде медициналық бетперде қажет. Ал адам үйде карантинде отырса оған масканың еш қажеті жоқ», - деді министр.

Осы ретте ол маска тапшылығын жою үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

«Осы уақыттың ішінде маска өндірісін екі есеге жуық ұлғайттық. Бұрындары 200-300 мың шығарылады десек, қазір 500 мыңға жуықтап қалдық. Бірқатар өңірде тігін цехын іске қостық. Бірақ, масканы қажеттілік болса, мәселен қалаға шыққан кезде сатып алып таққан жөн. Тәулік бойы оның тағып жүрудің еш қажеттілігі жоқ. Одан да қол тазалығын сақтаған барынша маңызды. Қазіргі уақытта карантиндегі қалаларды маскамен қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдап жатырмыз», - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар министр коронавирус күдігіне іліккен адамдарды қараумен, тасымалдаумен айналысатын жедел жердем қызметкерлерін, полиция қызметкерлерін тегін маскамен қамтамасыз ету маңызды болып отырғанын айтты.

«Кеше мемлекеттік комиссия бұл тұрғыда нақты шешім қабылдады. Ең алдымен қандай да бір қаперге алынбаған жайттар орын алмауы үшін маска шығаратын барлық медициналық зауыттар бақылауға алынады. Бұған қоса, бүкіл логистиканы бақылаймыз. Егер бұған дейін мемлекет ауруханалар үшін ғана маскаларды сатып алуға жауап берсе, ендігі уақытта белгілі бір дәріханаларға жеткізілуін қадағалаймыз. Комиссия шешіміне сәйкес, маскалар белгілі бір бағамен дәріханаларға жеткізіледі», - деді ол.


Жоғары қарай