Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда мектептерге санитарлық талаптар күшейтілмек

2021 жылдың 20 тамыз 2021 17:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мектептерге санитарлық талаптар күшейтілмек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Бас санитарлық дәрігердің қаулы жобасы әзірленіп жатыр. Сол жобаға байланысты егер сыныпта бір бала коронавирус инфекциясымен ауырса, онда барлық сынып байланыста болғандықтан карантинге кетеді. Және де осы балалардың жаппай ауырып қалуына жол бермеу үшін аталған қаулыда мектептерге санитарлық талаптар күшейтілетін болады. Бұл қазіргі уақытта қаулы жобасы ғана. Сондықтан алға озбай-ақ қояйын. Қаулы қабылданғаннан кейін халыққа жеткізіледі», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында,

Бұған дейін вице министр елімізде 354 мектептің санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай еместігін айтқан болатын.



Жоғары қарай