Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда мұрағат саласында жеке ведомство құрылуы мүмкін

2020 жылдың 24 қараша 2020 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұрағат саласында жеке ведомство құру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Үкімет мұрағат саласында жеке ведомство құру мәселесін пысықтап жатыр. Бұл мәселеге қатысты шешім қосымша хабарланатын болады. Жалпы, мұрағат саласын дамыту мәселесі Үкіметтің тұрақты назарына алынған», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар ол Қазақстан Үкіметі заманауи мұрағат қызметін құруға айрықша мән беретіндігін баса айтады.

«Атап айтқанда, мамандық мәртебесін арттыру үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық пен өңірлік мұрағаттардың 2 мыңнан астам қызметкерінің жалақысы тиісінше 50 және 35 пайызға көтерілді. Бұл мақсатқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,8 млрд теңге көзделген», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай