Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда өкпені жасанды желдетуге арналған қанша аппарат бар

2020 жылдың 9 шілде 2020 10:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан ауруханаларындағы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарының саны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл елде 3 294 дана өкпені жасанды желдету аппараты бар. Аймақтардағы қажеттіліктерге байланысты оларды бөлу жоспарланып отыр. Таяу арада медициналық ұйымдар 1 658 ӨЖЖ аппаратын алады. Олардың 680-і жедел жәрдем көліктерін қосымша жарақтандыруға арналған портативті аппарат болса, 978-і стационарлық – базалық және функциялары кеңейтілген аппараттар», - деп хабарлайды министрліктен.

Алдағы уақытта қосымша 4 мың ӨЖЖ аппаратын сатып алу көзделіп отыр.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жариялаған кешегі үндеуінде Қазақстанда ПТР-тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізілетінін мәлім еткен еді.




Жоғары қарай