Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда осы уақытта 26 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 11:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 25 983 адам короновирус инфекциясынан (14 277 КВИ+ және 11 706 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 6 723 пациент стационарда, 19 260 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 302 адамның жағдайы ауыр;

• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Жоғары қарай