Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда өткен тәулікте 23 өрт оқиғасы тіркелді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 6-тамызында республика бойынша 3 табиғи және 20 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің басапасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай және Павлодар облыстарындағы 2 табиғи өрт, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарындағы 9 далалық алқаптағы өрт ТЖК бақылауында, оларды жою бойынша шаралар қабылданған. Бұдан басқа, өткен тәулікте Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өрттер сөндірілді. Аталған өңірлерде жалын шарпыған аумақ 440 га құрады. Өртті сөндіруге ТЖД өкілдері, ерікті өрт сөндіру топтары, орман шаруашылықтарының қызметкерлері және арнайы көлік құралдары жұмылдырылды», - делінген ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Қазргі таңда күннің аптап ыстығына байланысты республикада өрт қауіпі өте жоғары болып тұр. Сондықтан, ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Жоғары қарай