Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда 100 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ аталмыш вирустан 74 адам жазылып кетті.
2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясын 47311 адам жұқтырып, 550 қайтыс болды. Жазылып шыққандар - 35055.