Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда пойыз қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап отыруға болады

2020 жылдың 1 шілде 2020 14:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Цифрлық трансформация» шеңберінде жобаларды белсенді енгізуде. Бұл - уақыт талабы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басты жобалардың бірі – «Пойыз қозғалысын басқару орталығы». Оның аясында тамыз айында іске қосылуы жоспарланып отырған Ақтөбе қаласында Батыс аймақта пилоттық полигон құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол бес бөлімшенің - Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда диспетчерлік орталықтарын біріктіреді.

Ақтөбе қаласында полигонның жұмысын ұйымдастыру шеңберінде батыс аймақтың шекараларында тасымалдау процесін басқаруды ұйымдастыру құрылымын бір филиалға толық реформалау көзделуде. Бұл Ақтөбе қаласынан барлық батыс өңірдегі пойыз қозғалысын жедел басқаруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, пилоттық полигонды іске асыру тасымалдау процесін екі деңгейлі басқаруға көшуді қамтамасыз етеді, транзиттік пойыздардың маршруттық жылдамдығын, сондай-ақ локомотивтер мен вагондардың кепілді иіндерін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ диспетчерлік шеңберлерді қысқартады.

Әлі күнге дейін кейбір жол учаскелерінде пойыздар қозғалысын қашықтықтан басқару, бағдаршам сигналдарын реттеу, диспетчерлік орталықтардан пойыздық диспетчерлердің жолдардағы бағыттамаларды ауыстыру мүмкіндігі жоқ. Әрине, 21 ғасырдың нақты уақытында, бұл қайта қарауды талап етеді. Сондықтан осы жоба шеңберінде станцияларда қосымша жабдық (микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру – МПДО) орнатылады, ол осындай басқаруды жүргізуге және пойыз диспетчерінің мониторында нақты уақыт режимінде станциялық жолдардағы ағымдағы жағдайды көрсетуге мүмкіндік береді.

Пойыз қозғалысын басқарудың өңірлік орталығын құру – пойыз жағдайын орталықтандырылған бақылауды және барлық деректерді бірыңғай «ұжымдық таблоға» көрсете отырып, пойыз қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бағдаршамдардың, бағыттамалық бұрмалардың көрсеткіштері, пойыздың жақындап қалғаны туралы ақпаратты беру және алу процесі автоматтандырылады. Пойыз қозғалысын басқаруды орталықтандырылған пойыз диспетчері қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жоба бойынша жоғары нәтижеге қол жетті. Осылайша, МП ДО 140 жекелеген пунктіге енгізілді. Желілік-аппараттық залдарда байланыс жабдығы жаңғыртылды, сондай-ақ темір жолдардың барлық аумағында жылжымалы құрамды бақылаудың және сигнал беру мен байланыстың барлық дистанциялары бойынша техникалық құжаттаманы жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Жалпы алғанда, «Пойыз қозғалысын басқару орталығы» жобасы қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған және компанияның даму стратегиясының мақсаттарына жауап береді.


Жоғары қарай