Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда соңғы апталарда жедел жәрдемге жүгіну екі есе азайды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 11:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жедел жәрдем қызметіне жүгіну жағдайы едәуір азайғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздегі тағы бір жағымды жаңалық – инфекциялық және провизорлық төсек орындардың толымдылығының азаюы. Осы жылдың маусым айында елдегі кейбір ауруханада жағдай қатты ушығып кеткен еді. Бүгінгі таңда стационарлардың 34 пайызында ғана науқастар жатыр. Бұған төсек орындарының қорын 48 997-ге дейін арттыру есебінен қол жеткізіліп отыр. Осылайша Қазақстанның 7 өңірінде 15 стационар жабылып, қайта құрылымдалды», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша осындай жайлы динамика жедел жәрдем қызметі саласында да байқалады.

«Маусым айының соңында республикада жедел жәрдем қызметін шақырудың жағдайы 30 мыңға дейін жетіп еді. Карантиннің соңғы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне жүгінудің жалпы жағдайы екі есе азайды», - деді ол.

Алексей Цой індетпен тек стационарлар арқылы күресу өте күрделі екенін жеткізді.

«Бұл ретте дәрігерлердің алтынға бергісіз ережесін есте ұстаған абзал: ауырып ем іздегенше, әрдайым ауырмаудың амалын іздеген дұрыс. Ең бірінші кезекте бұл COVID-19 ауруына тікелей байланысты тәмсіл», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай