Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда соттарды қаржыландырудың жаңа моделі белгіленбек

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 14:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таолқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл Конституциялық заң жобасын сот жүйесін жетілдіру жөніндегі тәсілдерді іске асыру мақсатында бір топ Парламент депутаттары даярлады. Ұсынылған заңнамалық өзгерістер судьялар корпусының кәсібилігін және жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы сот кадрларын іріктеу мен судьялардың кәсіби қызметін бағалау тетіктерін жетілдіруге, судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін көбейтуге, сондай-ақ соттарды қаржыландырудың жаңа моделін белгілеуге мүмкіндік береді», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы
Снежанна Имашева.
Сонымен қатар палата депуттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын да қарайды.
«Ұсынылған өзгерістер әкімшілік заңнаманы жетілдіруді, сот ісін жүргізуге ІТ-сервистерді ендіруді, сот кадрларын іріктеу мәселелерін, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа тәртібін енгізуді көздейді», - деді С. Имашева.


Жоғары қарай