Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда стелс-омикрон штамы анықталды

2022 жылдың 13 мамыр 2022 18:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус инфекциясы штамдарының айналымына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Биылғы жылдың сәуір-мамырында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы 98,6 %-да анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-Омикрон» штамы 36,7%-да анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ын құрайды. ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол осы айдың соңына қарай аяқталады.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады.

«6 ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың 3 түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың 2-уін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай