Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады

2020 жылдың 23 қазан 2020 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов аудандық, облыстық және Жоғарғы сот судьялары қанша жалақы алатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда аудандық, облыстық және Жоғарғы сотты қоса алғанда 2 684 судьялық бірлік қарастырылған. Бірақ, қазіргі таңда 2 400-і нақты жұмыс істейді. 14 пайыз бос орын бар», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол аудандық және облыстық судьялардың жалақылары қанша екендігін де атап өтті.

«Жалақыларына қатысты ешқандай құпия жоқ. Жалпы, еңбекақы аудандық деңгейдегі судьяларда орташа есеппен алғанда 400-500 мың теңгенің төңірегінде. Ол - жұмыс өтіліне байланысты. Ал облыстық деңгейде - 600-700 мың, Жоғарғы сотта 800-900 мың теңгенің төңірегінде болып отыр. Судьялардың еңбек өтіліне байланысты жалақыларында айырмашылық болуы мүмкін»,- деді Айдос Сәдуақасов.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Сот, ҚР Жоғарғы соты,
Жоғары қарай