Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Қазақстанда тамыздың 25 күні ауа райы қандай болады

2019 жылдың 25 тамыз 2019 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 тамыз күні республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады.

Елдің тек батыс өңірінде ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, елдің солтүстігі, орталығында жел күшейіп, кей жерлерге тұман түседі.

Күндіз Атырау облысында күн күркіреп, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі.

Павлодар облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай онйнайды.

Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында және Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының жекелеген аудандарында өрт қауіпі сақталады.

Жоғары қарай