Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Қазақстанда тәулігіне 850 мың маска тігіледі

2020 жылдың 25 наурыз 2020 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тәулігіне 850 мың маска тігілуде. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір күніне 850 мыңға жуық маска тігіліп жатыр. Бұл маскаларды Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлерге таратуда. Масканы фармацевтикалық компаниялармен бірге тігін цехтары да тігуде»,- деді Дәурен Абаев.

Министрдің дерегінше, қазір елімізде 70 тігін цехы маска тігіп жатыр.

«Айта кететін мәселе – маска тігу мен сату арнайы тіркелуді талап етпейді. Себебі бұл - медициналық тауар емес және техникалық регламентпен реттелмейді», - деді ол.


Жоғары қарай