Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі өсті

2020 жылдың 16 маусым 2020 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Қазақстан теңіз порттары арқылы 2,6 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың алғашқы 5 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 2,6 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды. Бұл ретте жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 10 пайызға артты. Өткен жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 2 564 болса, биыл 2824-ке жетті. Сондай-ақ, контейнерлерді ауыстырып тиеу 19 пайызға өсіп, 11 712 болды», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі мәліметінде.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Каспий теңізіндегі порттар арасында сауда флоты 1 млн тонна жүк тасымалданды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104 пайызды құрады (967 мың тонна).

«Бекітілген тәртіпке сәйкес, карантиндік кезеңде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға енгізілген шектеу сақталады. Бірақ, оның шетелдерден қайтып келетін қазақстандық азаматтарға қатысы жоқ. Осы орайда Баку - Құрық паромдық қатынасымен 161 адам қайтарылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Эпидемияға қарсы қабылданған шаралар аясында порттардың қызметтері санитарлық-карантиндік сала қызметкерлерімен бірлесіп портқа келетін барлық жүк көліктеріне дезинфекция жүргізеді. Порттарда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған карантиндік бөлмелер жабдықталды.


Жоғары қарай