Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда Токио Олимпиадасын тікелей трансляциялау неліктен жүргізілмейтіні белгілі болды

2021 жылдың 20 шілде 2021 00:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат телерадиокорпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты көрермендер мен әріптестерімізден келіп түсіп жатқан сауалдарға байланысты келесіні хабарлаймыз.

Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялау құқығы «Dentsu Inc.» компаниясына тиесілі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» телеарналары арқылы Жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған болатын. Тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ. Екіжақты келісімнің ұзаққа созылу себебі, құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуы», делінген хабарламада.
Телерадиокорпорацияның мәлімдеуінше, қазіргі кезде Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» телеарналары қазақстандық спортшыларды қолдау және отандық көрермендерге Олимпиададан жедел ақпарат ұсыну бойынша жан-жақты әзірлік жұмысын жүргізіп жатыр.

«Телеарналардың Ұлттық Олимпиада комитеті мен шетелдік ірі ақпарат агенттіктерінен фото,-видеоматериалдар алу мүмкіндігі қарастырылған», делінген хабарламада.
XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Бұл жолғы Олимпиадаға көрермендер қатыспайды. Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 96 жолдама бар.

17 шілдеде Қазақстанның олимпиада командасы Токиоға барды.


Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай