Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда толық вакцинадан кейін  қанша адам КВИ жұқтырды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 18:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 100-ден астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін қайтадан ауырып қалды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинаның бірінші компонентінен кейін де, екінші компонентінен кейін де науқастануға қатысты мониторингті міндетті түрде жүргіземіз. Жалпы, елімізде бірінші компоненттен кейін науқастанудың 541 дерегі тіркелген. Ал екінші компонеттен кейін – 104 жағдай», - деді комитет төрайымы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, бұл адамдардың барлығы инкубациялық кезеңде, яғни 14 күннің ішінде коронавирусты жұқтырып алған.

«Демек, олар коронавирусты жұқтырып алғаннан кейін вакцина салдырған», - деді Айжан Есмағамбетова.


Жоғары қарай