Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49 пайызға артты

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 09:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров тұқым шаруашылығын субсидиялау жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49 пайызға ұлғайды (9,4 млрд теңгеден 14 млрд теңгеге дейін), бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жоғары репродукциялы тұқым сатып алуға қолжетімділігін 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге арттыруға (39,4 мың тоннадан 135 мың тоннаға дейін) мүмкіндік берді», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38 пайызға көбейді (19,0 млрд теңгеден 26,1 млрд теңгеге дейін), бұл тыңайтқыш енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 20 пайызына дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Кепілдендірілген және сапалы өнім алуда егістерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу бойынша қабылданған шаралардың маңызы зор болды.

Осы жылы пестицидтерді субсидиялауға 36,4 млрд теңге көзделді, бұл 2019 жылға қарағанда

9 млрд теңгеге көп. 2020 жылға дейін тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттер субсидияланғанын атап өткен жөн. Биылдан бастап пестицидтердің инсектицидтер мен фунгицидтер (өсімдіктер зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттар) сияқты басқа да түрлері субсидияланады», - деді Сапархан Омаров.


Жоғары қарай