Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда тұмаумен ауырғандар көрсеткіші төмендеді

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 10:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ЖРВИ-мен ауыру көрсеткіші төмендегені туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір күннің күрт суып кетуіне байланысты жылудың әдеттегіден ертерек берілгені белгілі. Жіті респираторлық вирусты инфекцияның өткен жылдан қарағанда 1,3 есе азайғаны байқалып отыр. Сонымен қатар, ЖРВИ ауруларының азаюуына ұжымдағы қызметкерлердің бір-бірінен алыстап жұмыс істеуі, мектептердегі оқушылардың көбінің қашықтан оқу форматына ауысуы, карантиндік режим және әлеуметтік қашықтық себеп болып отыр», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек бұған дейін Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынған болатын.



Жоғары қарай