Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы артты – ҚР ҰЭМ

2021 жылдың 10 маусым 2021 09:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев құрылыс саласы қарқынды дамыған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс саласы жоғары қарқынды өсімді көрсетті. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3%-ға ұлғайды. Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірде оң көрсеткіш тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жақсы өсімі Түркістан, Қызылорда және Қостанай облыстарында және Алматы қаласында байқалады», - деді Ұлттық экономика министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Биылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға жоғары. Осыған байланысты барлық өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Атырау және Павлодар облыстарында байқалады.


Жоғары қарай