Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндері өтеді

2021 жылдың 24 қараша 2021 14:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндері өтеді. Бұл туралы еліміздегі Түрікменстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында Мемлекеттер басшылары Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндерін атап өту туралы келісті. Екі ел арасында ауқымды мәдени шараның өткізілмегеніне 3 жылдан асып барады. Ел Президенттерінің ресми кездесуінен кейін өзара байланыс қайта серпін алды. Бүгінде біз Түрікменстанның Мәдени күндерін атап өту мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлескен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Батыр Реджепов.

Елшінің айтуынша, аталған мәдени шараны өткізу келесі жылға жоспарланып отыр.

«Сондай-ақ мәдени шаралардан бөлек, екіжақты сауда-экономикалық қатынас та бір ізге қойылған. Олардың арасында ынтымақтастық туралы достық қатынастар туралы шарт бар. Одан бөлек, Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың 2017 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде қол қойылған стратегиялық әріптестік туралы шарт өз күшінде», - дейді ол.

Бұған дейін түрікмен дипломаты аталған елдің бейтараптық саясатына қатысты түсінік беріп өтті.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынас тақырыбында БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихаты өтті.


Жоғары қарай