Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда түрмедегі адамдар саны 2 есеге жуық азайды

2020 жылдың 19 қазан 2020 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 9 жылда Қазақстанда түрме тұрғындарының саны 2 есеге жуық азайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша, қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында соңғы 9 жылдың ішінде түрме тұрғындарының саны іс жүзінде 2 есеге жуық, 57 мыңнан 30 мыңға дейін төмендеді.

Бүгінде еліміздің пенитенциарлық жүйесінде 82 мың мекеме бар. Оларда 30 мыңнан астам соталушы және тергеу барысында тұтқынға алынған адамдар отырады.

«Атап айтқанда, 66 калонияда режимнің әр түрімен шамамен 25 мың адам ұсталады және 16 тергеу орнында 5 мыңнан астам тергеуі барысында тұтқынға алынған адам отыр», - деді Жанат Ешмағамбетов.

ҚАЖ комитетінің төрағасы қылмыстық-атқару жүйесін жандандыруға қатысты бірқатар міндеттердің іске асырылу барысы туралы да айтты.

«Қазіргі уақытта пенитенциарлық жүйені жандандыру бойынша мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекет басшысының соңғы Қазақстан халқына Жолдауында бізге бірқатар тапсырламалар жүктелген. Сол міндеттерді іске асыру аясында ҚАЖ мекемелеріне жаппай бейнебақылау жүйесін орнату бойынша мәселелер пысықталып жатыр. Бұл өз кезегінде колониялардағы жағдайды уақытылы бақылауды қамтамасыз етеді және сотталғандардың, сондай-ақ қызметкерлердің тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді», дейді Жанат Ешмағамбетов.


Жоғары қарай