Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қазақстанда UFC TV іске қосылды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 13:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда аралас жекпе-жекті көрсететін UFC TV жаңа телеарнасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда UFC TV телеарнасының іске қосылғанын және UFC ірі турнирлерінің Қазақстанның ірі спорт телеарнасы Qazsport-та көрсетілетінін хабарламақпыз. Жалпы, Қазақстан - әлем картасындағы бірегей ел саналады. Бұл жерде жауынгерлік өнер мен бокс барлық уақытта да танымалдыққа әрі зор қызығушылыққа ие. Мықты спортшылары да бар. Сондықтан UFC үшін Қазақстан басымдыққа ие елдердің бірі саналады», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында UFC вице-президенті Андрей Громковский.

UFC TV телеарнасы Ultimate fight championship немесе UFC ұйымдастыратын жекпе-жектерді көрсетеді. Жалпы, UFC турнирлерді бір миллиардтан астам тұрғыны бар әлемнің 166 еліне 35 тілде таралады. Енді аталған елдердің қатарына Қазақстан қосылып отыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: БАҚ, Спорт,
Жоғары қарай