Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда вакцинация қарқыны төмендеді

2021 жылдың 19 мамыр 2021 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда вакцинация қарқыны төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәуірде вакцинация қарқыны тәулігіне 100 мыңнан асқан еді. Бүгінде бұл цифр тәулігіне 30 мыңнан 60 мыңға дейінгі аралықты құрайды. Дегенмен, біз министрліктің бірінші кезектегі міндеті халықтың вакцина алуы мүмкіндігін қамтамасыз ету екендігін түсінеміз. Қазір халықтың вакцина алудағы белсенділігі төмендегені байқалады. Бұл ең алдымен мамырдағы мерекелерінің ұзақтығымен байланысты болған да шығар. Қалай дегенде де халықтың түсіністік пен белсенділік танытатындығына үміт артамыз және өңірлерде медицина қызметкерлерімен, емханалармен, бизнеспен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтеміз. Бұл адамдарды кеңінен қамту, бұған дейін жария еткен жоспарымызды орындау үшін жасалады», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол емханаларда вакцинаның кейбір түрлерінің жетіспеушілігіне қатысты мәселеге орай түсіндірме берді.

«Вакцина алуға баратын адамдарға біз бірнеше мәрте қолда бар вакцинаны ектіруге кеңес берген едік», - деді Марат Шоранов.


Жоғары қарай