Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілген - ғалым

2021 жылдың 22 сәуір 2021 16:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген елдерде вакциналарды өндіруді бастады, оның ішінде Қазақстан да кірісті. Қазір «Спутник V» вакцинасы қазақстандық фармацевтикалық кешенде шығарылып жатыр. Бұл замануи зауыт GMP талаптарына сәйкес келеді, бұл кезегінде тиісті өндіріс тәжірибесі бар дегенді білдіреді», - деді Ж. Сатыбалдиева вакцина тақырыбына арналған онлайн талқылау барысында.

Оның айтуынша, бұл вакцинаның технологиялық палатформасы ертеректе қабылданды, яғни осы платформаға 20 жылға жуықтады. Ол биотехнологиялық әдістер көмегімен алынды. «Спутник V» вакцинасы сының екі дозасын алғаннан кейін, адам ағзасында ерекше қорғаныс иммунитеті қалыптасады.

Сонымен қатар ғалым Қазақстан ғалымдары сынақтан өткізген отандық вакцинаға тоқталды.

«QazCovid-In немесе QazVac вакцинасына тоқталсақ, бұл екпеде айтарлықтай танымал технологиялық платформа ескерілген. Бұл классикалық технологиялық процедура болып отыр. Оның көмегімен коронавирус инфекциясы қоздырғышының биологиялық массасы шығады. Осы орайда хромотографиялық айрықша әдістер арқылы күрделі бағалау жүргізіледі. Кейіннен дозалар пысықталып, дайын вакцинаны өндірудің бірқатар рәсімдері жүргізіледі», - деді Жаннат Сатыбалдиева.

«Бұл вакциналарды тексеру процедурасы айтарлықтай күрделі. Пандемия жағдайының өзінде Қазақстан жаппай пайдалануға рұқсат алардың алдында тыңғылықты тексеріп келеді», - деді ғалым.

Еске салсақ, COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина сынағының ІІІ кезеңі өтуде.

«QazCovid-in вакцинасы қазіргі уақытта Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді.

Сонымен қатар, қазақстандық вакцинаның артықшылықтары және вакцинадан кейін антидене қанша уақыт сақталатындығы туралы жаздық.



Жоғары қарай