Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда вакцинаның екі дозасын алған 44 адам коронавирус жұқтырған

2021 жылдың 14 мамыр 2021 18:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда COVID-19 -ға қарсы екі дозаны алған 44 адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда вакцинаның екінші копонентін алғаннан кейін 44 адам ауырып қалған. Бұл - ресми мәлімет. COVID-19 –ға қатысты әрбір жағдай тексеріледі», - деді М. Смағұл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өз кезегінде Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Қазақстанның бас репродуктологы Вячаслав Локшин вакцина алғаннан кейін антиденелердің қалыптасуының тиісті мерзімі болатынын айтты.

«Мен бірінші вакцинадан (бірінші компонент) кейін індетке шалдықтым. Бұған вацинаның қатысы жоқ. Екпеден кейінгі антиденелер белсенді қалыптасуы 21-інші күнде болады. Бұл ретте індет вакцина алғанға дейінгі кезеңде жұққан болып тұр. Сондықтан екі дозаны алғаннан кейін індеттен қорғана алады», - деді ғалым.

Осы орайда ол вакцинаның күші 21-інші күннен басталатынын айтты.

«Бұл тұрғыда өзім сияқты індет жұқтырған адамдармен пікір алмастым. Атап айтқанда, екі компонеттен тұратын толық вациналаудан өту керектігін түсінген жөн», - деді Вячаслав Локшин.


Жоғары қарай