Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

2021 жылдың 22 сәуір 2021 15:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким мемлекет волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіп отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың мамырында Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей жастарының форумында еліміздің Президенті барлық волонтерлік ұйымдардың бастамасына қолдау көрсетті. Шынын айтсақ, ел Президенті 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау туралы біздің бастамамызды қолдағанда таңғалдық әрі қатты қуандық», - деді Мәжіліс депутаты Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бүгінде волонтерлік қызметті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат қарқынды даму үстінде. Осы мақсатта Ақпарат және қоғамдық даму министрі (АҚДМ) заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды.

«Волонтерлік қызмет және қайырымдылық мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. ҚР АҚДМ мәліметі бойынша заң жобасы осы жылдың күзінде Парламент Мәжілісінің қарауына түседі», - деді Вера Ким.

Депутат волонтерлікті жүйелі дамыту мақсатында республикалық волонтерлердің фронт-кеңсесі жұмысы іске қосылғанын айтты. Оған Ұлттық волонтерлік желі басшылық жасайды.

«Өз кезегінде фронт-кеңсе волонтерлік қызметтің алуан түрлі бағыты бойынша 17 өңірлік кеңсе қызметін үйлестіретін бірыңғай орталыққа айналды. Сонымен қатар волонтерлердің бірыңғай qazvolunteer.kz онлайн-платформасының жұмысы жанданды. Қазіргі уақытта оған 47 мыңнан астам волонтер мен түрлі 3 мың волонтерлік ұйым және волонтерлердің көмегіне мұқтаж болып отырған ұйымдар тіркелген»,- деді ол.


Жоғары қарай