Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда заңсыз қару ұстаған 189 адам ұсталды

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 18:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғаларынан кейінгі «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасында заңсыз қару ұстаған 189 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін және алып жүргені үшін 189 адам ұсталды, 252 дана атыс қаруы, 2 315 арнайы құралдар мен оқ-дәрілер табылды және тәркіленді. Мысалы, Алматыда «Шаңырақ-2« шағынауданында тұрғылықты жерінен аңшылық мылтық, 8 пневматикалық мылтық, пневматикалық тапанша, снаряд, 12 гранат, Калашников автоматының 2 магазині, сауыт және қалқан табылып, тәркіленген төрт азамат ұсталды. Тараз қаласында бір топ адам ұсталды, олардан 2 травматикалық және 1 сигналдық тапанша, жарық-шу гранатасы және 9 мм калибрлі 173 патрон табылып, тәркіленді», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев министрлікте өткен брифингте.

Сонымен бірге, спикердің айтуынша, Талдықорғанда тұрғылықты жерінен 9 патроны бар «Макаров» тапаншасы табылып, тәркіленген адам ұсталды. Жамбыл облысында травматикалық тапанша, аңшылық мылтық және сауыт тәркіленген екі адам ұсталды.

«Тұрғындардың өз еркімен 50 қару, оның ішінде 5 – иір ойықты, 29 – тегіс ұңғылы және өзге де 4 қару тапсырылды», - деді басқарма бастығы.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі 19 қаңтарда төтенше жағдай режимі жойылған соң, еліміздің барлық өңірлерінде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтетінін жариялаған еді.

Аталған шара аясында 4 мыңнан астам қылмыс ашылды.


Жоғары қарай