Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері қанша

2021 жылдың 13 сәуір 2021 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері қазақстандықтарға 672,1 млрд-тан астам теңгеге зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың қаңтар - наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 465,4 млрд теңге бағытталды. Биылдың наурыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 155,2 млрд теңге бөлінді», - делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 247 мың адамды құрады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 100 163 теңге болды.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.


Жоғары қарай