Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жаңа ақпарат агенттігі құрылды

2021 жылдың 7 маусым 2021 20:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Independ.kz ақпарат агенттігінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ақпараттық агенттіктің авторы мен жасаушысы — «Жастарға жол» қоғамдық қоры.

Тәуелсіз ақпараттық портал толығымен қордың және жанашыр азаматтардың қаржысына құрылды. Портал қоғамымыздың дамуына қатысты маңызды мәселелерді көрсетуге арналған.

Ақпарат агенттігінің басым бағыттары экологиялық проблемалар, инновациялық жасыл технологияларды енгізу, азаматтық құқықтарды қорғау, кәсіпкерлердің құқықтары және БҰҰ бас Ассамблея кеңесі қабылдаған тұрақты даму мақсаттарында көрсетілген басқа да мәселелерді қамтиды.

Команданың тірегі – жастар.

«Біздің тәуелсіз порталымыздың жұмысындағы негізгі принциптер - бұл бейтараптылық, берілетін ақпараттың шын болуы. Порталдың маңызды міндеттерінің бірі - мемлекет, қоғам және бизнес арасындағы тең ақпараттық серіктестікті дамыту. Біз үкіметтің үндеулерін, заңнамалық түзетулерді, мақсатты бағдарламаларды бәріне қарапайым және ұғынықты тілде жеткізгіміз келеді және соған жұмыс істейміз. Бірақ негізгі бағыттар қоғамның дамуы мен азаматтарымыздың, ең алдымен, жастардың әл-ауқатына байланысты мәселелер болады, өйткені біздің «жастарға жол» қоры жастардың әлеуметтік мәселелерімен айналысады»,- деді Independ.kz агенттігінің бас редакторы Рафаэль Гасанов.




Жаңа агенттікті ашылуымен Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, қоғам қайраткері Марианна Гурина және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов құттықтады.

Депутат жаңа агенттік жұмысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамытуға ықпал етудегі маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, ол ақпараттық алаңның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғаммен диалогқа белсенді және тікелей қатысуға дайын екендігін жеткізді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Алматы, БАҚ,
Жоғары қарай