Ауа райы
Астана -27 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жаңа буынды жойғыш ұшақтардың басқаратын мамандар даярлануда

2020 жылдың 13 қараша 2020 15:38

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Совет Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасының ұшу және инженерлік-техникалық құрамы Талдықорғанда біліктіліктерін қайта арттыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Бағдарлама теориялық дайындықты және жауынгерлік машинаны әуеде басқаруды көрсететін Су-30СМ арнайы кешенді жаттығуды оқытуды қамтиды.

Ұшқыштарды қайта оқытуға екі айға жуық уақыт бөлінеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жаңа техникада жаттығу ұшуларына рұқсат алу үшін олар тәжірибелі нұсқаушылармен 10-12 мәрте ұшуды орындауы қажет. Сынақтар тапсырған соң және бақылау ұшуларын орындағаннан кейін әскери қызметшілер дербес ұшуға рұқсат алады.

«Қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы авиация базасында шамамен 25 адамды қайта оқытуда. Олардың тоғызы заманауи ұшқыр ұшақта өз бетінше ұшуға жолдама алды. Кез келген оқытудың немесе қайта оқытудың өз қиындықтары бар. Сондықтан біздің дайындалған, жаңа буынды ұшқыр ұшақтарды басқаруға және басқаларға өз тәжірибесімен бөлісуге қабілетті дайындалған ұшу экипаждарымыздың болғаны қандай жақсы», - деді Қарағанды авиациялық базасының командирі подполковник Серік Рамазанов.

Оның айтуынша, жуырда Талдықорғаннан Қарағанды авиациялық базасына Су-30СМ ұшқыр ұшақтары келді. Оларды жеткізу дайындаушы ресейлік «Иркут» зауытынан қайта жарақтандыру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Жоғары қарай