Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

2021 жылдың 20 сәуір 2021 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Қаулы жобасын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына берілген түсіндірмеге сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісі атап өту көзделген.

«Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды.

Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады», - делінген АШМ түсіндірмесінде.

Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.


Жоғары қарай