Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жасалған локомотивтер Молдоваға экспорттала бастады

2020 жылдың 3 шілде 2020 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ экспорт географиясын кеңейтуде. Маусым айында зауыт Молдова Республикасына 12 жоғары технологиялық өнім өндірді және экспорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт құрылған сәттен бастап 2017 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамында бола отырып, ТМД бес еліне локомотив сатты. 2006 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстанда тепловоз өндірісін оқшаулау жағдайында стратегиялық серіктес ретінде GE Transportation,Wabtec Company компанияларын анықтап алды.

Бүгінгі таңда ЛҚЗ қазақстандық қамту үлесін үнемі ұлғайта отырып, тепловоздардың барлық негізгі тораптарын дайындайды.

GE Transportation,Wabtec Company компаниялары - локомотив құрастыру саласында әлемдік көшбасшы және 1520 мм табанды жол үшін, сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК»АҚ үшін тепловоз жобасының әзірлеушісі. Олар әлемнің көптеген елдеріне локомотив жеткізумен айналысады.

2016 жылғы желтоқсанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің интернет-порталында Молдавия темір жолдарына 12 жүк тепловозын сатып алуға ашық, екі кезеңді тендер жарияланды. GE Transportation компаниясы, Wabtec Company ЛҚЗ-мен бірге осы конкурсқа қатысуға өтінім берді. 2018 жылдың қазан айында екі турдың қорытындысы бойынша GE Transportation, Wabtec Company ашық тендердің жеңімпазы болып жарияланды.

Осылайша 2019 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында Молдоваға «Evolution» сериясының 12 қазақстандық локомотивтерін жеткізуге GE Transportation, Wabtec Company және ЛКЗ арасында шартқа қол қойылды. Тепловоз «ҚТЖ»ҰК» АҚ мамандарымен әзірленген техникалық талаптарды ескере отырып, жобаланды. Техникалық тапсырмада көрсетілген талаптар 1520 жолтабаны елдерінің темір жол компанияларының қажеттілігіне жауап беретін локомотивті алуға мүмкіндік берді.

Отандық өнімді экспорттау бойынша бұл мәміле, локомотив тартымын жаңарту бағдарламасы бойынша зауыттың «ҚТЖ» ҰК»АҚ-мен көпжылдық бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.

«Evolution» сериясының қазақстандық локомотиві Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Түрікменстан және Әзірбайжан темір жолдарында табысты пайдаланылуда, енді олардың қатарына Молдова да бар.


Жоғары қарай