Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жоюға жататын 2 мыңнан астам иесіз гидрогеологиялық ұңғыма бар

2021 жылдың 11 мамыр 2021 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 2 мыңнан астам иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды жою қажет. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жерасты сулары жеке су тұтынушылар үшін үлкен маңызға ие (мысалы, ауыз сумен жабдықтау) және иесіз өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалардың қазіргі проблемасы өзекті және тиісті шаралар қабылдауды талап етеді. Зерттеу деректеріне сәйкес, тұтастай республика бойынша тұщы жерасты суларының табиғи ресурстарына, қоршаған ортаға-аумақтың тұздануы мен батпақтануы, өсімдіктердің өлуі, жасанды су айдындарының, бұлақтар мен жыралардың пайда болуы нәтижесінде жер қорына орны толмас залал келтіретін, сондай-ақ жерасты және жерүсті суларын фенолдармен, радиоактивті және улы элементтермен ластайтын 2 мыңнан астам иесіз өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар жойылуға жатады», - деді Роман Скляр.

Оның дерегінше, бұған дейін «Елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру аясында өздігінен төгілетін 518 гидрогеологиялық ұңғыманы жою бойынша жұмыстар жүргізілген.


Жоғары қарай