Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда жүк көліктерін өткізетін бекеттер белгіленді

2020 жылдың 17 наурыз 2020 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты шекара қызметі Қазақстан және шетел азаматтары, сондай-ақ сыртқы экономикалық салаға қатысушылар үшін мемлекеттік шекара арқылы кіру және шығуға қойылған шектеулер туралы маңызды мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерге мемлекеттік шекарадан өтуге шектеу қойылады.

Дегенмен, мына санаттға азаматтарға рұқсат берілген:

- шетелге бұрын кетіп қалған, бірақ қазір Қазақстанға оралуды көздеген Қазақстан Республикасының азаматына;

- денсаулық сақтау мекемелерінен растайтын құжаты бар, шетелге емделуге шыққан азаматқа.

Қазақстанға мемлекеттік шекарадан кіру және шығу үшін қандай құжаттардың керектігін және жүк көліктерін өткізетін автокөлікті өткізу пунктілерінің тізімін мына сілтемеден көруге болады.


Жоғары қарай