Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жұмыссыздар саны азайды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздар саны өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 1,7 мың адамға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде шектеу шараларына қарамастан, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің өсуі тіркелген жоқ.

Мәселен, 2021 жылдың I тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,1%-ға жоғары.

Салыстыру үшін, пандемия кезеңінде дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуі байқалды: АҚШ-та 8,1%-ға дейін (+4,4%), Канадада 9,6%-ға дейін (+3,9%), Испанияда 15,5%-ға дейін (+1,4%.).

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың I тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамту экономиканың барлық салаларында қалпына келтірілді, өсім орта есеппен 1,8%-ды құрады.

ҚР Үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы жоспарлы шаралар пандемияның еңбек нарығына салдарын теңестіруге мүмкіндік берді.

Тек 2020 жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен 1,4 млн-нан астам қазақстандық қамтылды.

Биыл халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жұмыс жалғасады.

Жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген қазақстандықтар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады.

Жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысқа орналасуда білікті көмек ала алады.


Жоғары қарай