Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда Zoom интернет-алаңының баламасы жасала ма

2020 жылдың 11 шілде 2020 14:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда оқушыларды онлайн режимде оқыту үшін Zoom интернет-алаңының баламасы жасала ма? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы бұл бағытта менің ұстанымым мынадай: мемлекеттің есебінен интернет-алаң болсын, басқа да платформа болсын құруға қарсымын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл істің арты жақсы болмайды», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Білім және ғылым министрі отандық білім беру жүйесінде Ұлттық білім беру дерек қоры барын жеткізді. Оның ішінде жеке мәліметтер бар.

«Бұл – басты әрі мемлекеттік база. Ол кезінде құрылған. Соны пайдаланып, дамытамыз. Kundelik, Daryn online, Bilimland секілді көптеген жүйені мемлекеттік жүйемен ауыстырудың меніңше қажеттігі жоқ. Мен нарыққа көбірек сенемін. Бәсекелестік болуы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920