Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандағы 10 мұнай-газ учаскесі онлайн-аукцион арқылы сатылады

2020 жылдың 28 қазан 2020 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл еліміздегі 10 мұнай және газ жер қойнауы учаскелері онлайн-аукцион арқылы сатылады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалар аукцион өткізуге онлайн режимінде өтініш бере алады.

«2020 жылы Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы учаскесін электрондық аукцион арқылы сату жоспарлануда. Олардың қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері 400 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аукционға қатысуға 30-дан астам өтініш келіп түсті», - деді Жанат Жахметова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, көмірсутектерді игеру және өндіру үшін мемлекет ұсынатын учаскелердің жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы шақырымды құрайды.

«Электрондық сауда-саттықты өткізу 2020 жылғы 23 желтоқсанға жоспарланған Қатысуға өтінімдер 29 қарашаға дейін қабылданады. Бұл игеру құқығы электрондық тәсілмен іске асырылатын алғашқы учаскелер болып саналады. Осы уақытқа дейін аукциондар «көзбе-көз» режимде өткен еді. Қатысушыларға, тіпті егер игеруге шетелдік компания үміткер болғанның өзінде аукцион залдарына бару қажет болатын. Енді карантинге байланысты және көптеген халықаралық әуе рейстері тоқтатылған кезде сауда-саттық электрондық тәсілмен жүргізіледі. Бұл мемлекеттік органдарды да, бизнесті де айтарлықтай операциялық шығындардан босатады», - деді ол.


Жоғары қарай