Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандағы 51 автокөлік өткізу бекетінің 12-сі уақытша жабылды

2020 жылдың 26 маусым 2020 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы 51 автокөлік өткізу бекетінің 12-сі пандемияға байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан шекарасында 100 өткізу бекеті бар. Оның 51-і автокөліктерді өткізу бекеті. Оның 12-сі пандемияға байланысты уақытша жабылған. Аталған халықаралық өткізу бекеттерінде Шекара қызметі мемлекеттік кірістер органымен, денсаулық сақтау министрлігінің бөлімшелерімен бірлесе шекарадан өту кезінде санитарлық шараларды қамтамасыз етуде», - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары полковник Ғани Ағаділов ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жолаушылар легінің едәуір аздығына қарамастан, шекарадан жалған құжатпен өтуге, тауар-материалдық құндылықтарды бақылаудан жасыруға, тыйым салулар мен шектеулер қойылған азық-түлік түрлерін өткізуге, қорғаныс құралдары, медициналық бұйымдарды заңсыз шығару фактілері анықталып жатыр.

«Біздің тарапымыздан заңсыздыққа жол бермеу үшін мейлінше жоғары дәрежеде бақылау қамтамасыз етілген», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ғани Ағаділов Қазақстан Төтенше жағдай кезінде де, кейін де мемлекетаралық жүк тасымалдауға өз шекарасында ешқандай шектеу қоймағанын хабарлаған еді.


Жоғары қарай