Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандағы ең мейірімді оқу орындары марапатталды

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 17:56

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында «ең мейрімді» оқу орындары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғарғы оқу орындар арасынан Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті I орын алса, Алматы құрылыс-техникалық колледжі II орын алды.

Ал, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті III орынды қанағат тұтты.

Мектептер арасында Шығыс Қазақстан облысынан «Белокаменская основная школа» (КГУ) I орынға ие болды.

Жүлделі II орынға Жамбыл облысының № 40 гимназиясы (КГУ) жеңіп алса, Павлодар қаласының №7 мектебі III орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.


Жоғары қарай